Ащы суға тойып алған Ұланғасыр Қамиев тойдан кейін төбелесіп қалды

1 572

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Танымал әнші Ұланғасыр Қамиев тойдан соң ащы суға тойып алып, төбелес щығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде тараған видеодан әнші Ұланғасыр Қамиевтің төбелесіп, соққыға жығылған сәтін көруге болады. Оқиға 29-шы шілде күні Жетісу облысы, Үшарал ауданында өткен тойлардың бірінде болған. Желіде тараған ақпаратқа сенсек, жас әнші той қонақтарымен жаға жыртысқан. 


Жетісу облыстық полиция Департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, әншінің төбелес кезінде мас күйде болғанын растады.


“Аталған дерек бойынша Алакөл аудандық полициясына ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. Алайда, тексеріс барысында әртістің мерекелік шарада мас күйде болғаны расталды. Той халал өткен. Қазіргі уақытта құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деп мәлімдеді полиция.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.