Бүгін эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасованың туған күні

1 515

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова 44 жасын тойлауда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында отбасымен бірге түскен суретін жариялады.


“Сіздердің Мадикоштарыңыз бүгін 18-ге толды”, – деп жазба қалдырды өнер иесі. 

Мәдина Сәдуақасова туған күніне орай күйеуі Олжаспен және ұлы Әнуармен фотосессия жасады. 


Әншінің құрбыларының бірі фотосессия барысында Мәдинаға үлкен қонжықтың образында келді. Тосынсый сәтті шығып, құрбысы Мәдинаға бір құшақ гүлін табыстап, туған күнімен құттықтады.


Эстрада жұлдызы 44 жасқа толды. Мәдинаны өнердегі құрбылары мен достары құттықтап, желіде ақжарма тілегін арнады.


“Сұлу қыз, ғажапсың! Мәдина, бақытты болыңыздар, жақсы көремін”, “Мадикошым, асыл досым! Ешкімге ұқсамайтын болмысың бар, ерекше жаратылған жансың! Жақсы көремін. Алладан амандығыңды тілеймін. Жарқырай бер, жасай бер, жақсы адам”, “Алла тілеуіңізді берсін”, “Туған күніңмен, сұлу да талантты Мәдина”, Туған күнің құтты болсын, қылықтым”, – деп жазды Аша Матай, Қарақат Әбілдина, Кенжебек Жанәбілов, “Айдай Исаева, Жазира Байырбекова сынды отандық шоу-бизнес өкілдері.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.