Алматыда Баян Мақсатқызының үлкен шоу-мюзиклі өтті

2 610

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Әлеуметтік желі5 наурызда Алматыда танымал продюсер Баян Мақсатқызы ұйымдастырған "Queen" шоу-мюзиклі өтті. Онда қазақстандық әншілердің біршамасы өнер көрсетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шоу-мюзиклда Баян Мақсатқызының өмірі кезең-кезеңімен қойылған. Шоу 90 жылдары "Махаббат станциясы" фильмінің түсірілімінен басталған. Содан кейін продюсердің теледидар дәуірі көрсетіледі. Кейін "КешYou" тобының құрылу тарихы. Алғашқы түсірілген фильмдері, "Қазақ аруы" байқауы, күйеуі Тұрсын Алагөзовпен таныстығы, "Бақыт" фильмі көрсетілген.


Сонымен қатар, шоу-мюзиклда бір кездері "КешYou" тобында өнер көрсеткен барлық әнші де ән айтты. 

Ерке Есмахан, Бағым Мақсатқызы, Жанар Дұғалова да ән шырқады.

Оған қоса композитор марқұм Арман Дүйсенов те еске алынды.

Шоу-мюзиклдің соңында Баян Мақсатқызы өзі өнер көрсетті.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.