Айсәуле Бақытбек неге енесімен бірге тұрмайтынын айтты

2 595

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/aissaulebakytbekБлогер Айсәуле Бақытбек неліктен енесінен бөлек тұратынын айтты. Ол әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Желі қолданушысының бірі блогерден "Енеңізбен бірге тұрасыз ба?", – деп сұраған. Ал Айсәуле енесінің жақсы адам екенін, алайда бөлек тұрғанды қалайтынын айтты. 

"Жоқ, бөлек тұрамыз. Енем өте жақсы адам. Бірақ есею үшін, бөлек тұрған дұрыс деп ойлаймын. Әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Бірақ бөлек тұрған дұрыс деп есептеймін. Өз үйіме өзім қалаған ыдысты таңдап, қаласам киімсіз немесе іш киімсіз билеуден рахаттанамын. Қаласам, түске дейін ұйықтаймын. Үй жинамасам да, ол үшін өзімді кінәламаймын. Сонымен қатар балаларға анасы мен әкесінің махаббатын көрсетіп, құшақтасып, жылы сөз айтатын отбасы үлгісін көрсету керек. Болашақта қыздарымның да ата-енесінен бөлек тұрып, өз ошағының иесі болғанын қалар едім", – деді Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.