Төреғали Төреәлі өз өмірі жайлы фильм түсіретінін айтты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Әнші Төреғали Төреәлі өз өмірі жайлы фильм түсіретінін айтты. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында кинода басынан өткен оқиғалар бейнеленетінін баяндап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Төреғалидің айтуынша, әнші болғанымен, негізгі бітірген мамандығы актерлік екен.
"Актерлік мамандықты бітірдім. Сондықтан бұл саладан кете алмаймын. Алла қаласа, жақында фильм жоспарлап жатырмыз. Комедия жанры болатын шығар. Біздің қазақта комедиясыз болмайды ғой. Өзім ойнаймын. Халыққа қызық болатын шығар. Өзімнің басымнан өткен оқиғалар. Өмірбаян халыққа қызығырақ қой", – деді Төреғали Төреәлі.
Қаз
Рус






