Жахан Отарғалиев әйеліне туған күнінде естен кетпес тосын сый жасады

454

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев жұбайы Балжан Бидашты туған күнімен ерекше құттықтады. Өнер иесі әйеліне естен кетпес тосын сый жасап таңғалдырды.

Жахан Отарғалиев келіншегін жеке мерекесінде қуанту үшін барынша тырысқан. Актер әйелінің бұрынан келе жатқан армандарының бірін орындады.


 Белгілі болғандай, Балжан Бидаш біраз уақыттан бері парашютке отыруды қалап жүрген. Соны ескерген отағасы жұбайының көзін жауып, оны құпия жерге алып кеткен. Жоспарланған жерге жеткен кезде Отарғалиев сүйіктісінің көзін ашып, алдымен алып гүл шоқтарын тарту етіп, кейін тосын сыйын көрсетеді. 
Балжан Бидаш жолдасының туған күнінде ұйымдастырған тосын сыйының видеосымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол мұндай құттықтауды мүлдем күтпегенін жасырмады.
 Қызығы, Жахан Отарғалиев келіншегін қуанту үшін өз қорқынышын жеңген. Бұл ретте актер 2016 жылы басынан өткен хикаясымен бөлісті. Ыстық көлде досымен демалған әртіс парашютке мінемін деп оқыс жағдайға тап болған. Ол жерге 100 метр жақындағанда құлап қалған. Соған қарамастан, жұбайының арманын орындау үшін екінші рет парашютке отыруға бекінген. 
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.