Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіргісі келетінін айтты

2 291

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Instagram/aliokapovОтандық әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіргісі келеді. Бұл жайында өнер иесі "Жұлдызды жұп" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әли Оқапов халық әртісінің өмірі фильм ретінде таспалануға әбден лайық деп есептейді.


 "Болашақта анам жайлы биографиялық драма түсіргім келеді. Бұл жобамен айналысып жүргеніме бірнеше жыл болды. Әзірге өкінішке қарай жолымыз болмай жүр. Өйткені оны жасау үшін қолдау керек. Менің ойымша, анамның өмір жолы мен өнер жолы кино ретінде шығуға әбден лайықты", - деді ол. 
Мұны көрген көпшілік әншіні бірден қолдай кетті. "Аңыз адам", "Мемлекет өзі-ақ түсіруі керек қой", "Роза Рымбаева туралы фильмді қуана-қуана көретін едім", "Лайықты ұл", "Дұрыс айтасың, Әли", "Анаң құрметке лайық адам", - деді олар.

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.