Динара Сәтжан алаяқтың құрбаны болғанын айтты

2 247

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram/ dinarasatzhanТанымал тележүргізуші Динара Сәтжан алаяқтың құрбаны болғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тележүргізушінің айтуынша, алаяқтарға кез келген адам алданып қалуы мүмкін.


"Алаяқтар жылы. Мен адамдарды жақсы танитыныма 100% сенімді едім. Алдымда тұрған адамның қандай екенін түсіну үшін маған 10 минут жеткілікті деп ойлайтынмын. Бұлай сенімді болуға болмайды. Қандай сақ адам болсаң да, алаяқтың құрбаны болуың мүмкін. Мен жалғыз емеспін. Соңғы кездері достарымнан оларды алдап кеткені, жақындарының өзі сатып кеткені жайлы оқиғаларды көп естідім. Кинопродюсерлер, стилистер, байерлер, фотографтар. Ешкім алаяқтардан сақтандырылмаған", - дейді жүргізуші.
"Олар эмоцияңмен "ойнайды", керемет нәтижелерді уәде етеді. Өзіне портфолио жасап, сіздің араласатын ортаңызда жүреді. Әдетте, олардың инстаграмында танымал әлі беделді адамдармен түскен суреттер болады. Олардың ісі сол: суретке түседі, басқаның ақшасын жұмсайды және жаңа құрбан іздейді. Шулы жерде әрекет етеді. Төлемді үнемі асықтырады. Онымен тек маңызды адамдар жұмыс істейтінін айтады. Тездетіңіз, әйтпесе қазір бәрін жоғалтып аламыз дейді", - деп жазды ол.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.