Raim ел алдында Мейрамбек Беспаевқа алғыс білдірді

2 635

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/m_besbaev/Танымал әнші Raim өзімен бірге дуэт орындаған Мейрамбек Беспаевқа алғыс білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Музарт” тобының белді мүшесі артынан ерген ізбасарына әсерлі жазба жариялады. 


“Кейінгі жастардың ішінде шоқтығы биік, әуезі де әні де ерекше, талантымен талайды таңғалдырып жүрген Райымның Алматыдағы кеші өте жоғарғы деңгейде өтті. Алып мегаполистің төріндегі 15 мың адамдық Алматы аренаның атмосферасын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жарайсың, бауырым. Бұл – сенің күнді күнге, түнді түнге жалғап, еткен тынымсыз еңбегіңнің жемісі. Адамның аурасы жақсы болса жұмыс та нәтижелі болмақ. Біздің дует елге ұнап жатса, бұл – сенің кіршіксіз көңілің мен таза жаныңның жемісі. Осы жолдан айныма", – деп жазды Мейрамбек Беспаев. 

Одан кейін Raim да өнер иесіне алғыс айтып, ризашылығын білдірді. 

“Арманымды орындағаныңызға алғыс, аға! Мен үшін сізбен бір сахнада, бірге ән салу үлкен жетістік. Рахмет!”, – деп жазды әнші. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.