Әнші Дидар Кәден екінші рет шаңырақ көтерді

593

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Отандық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәден екінші мәрте отау құрды. Лидия Кәденованың ұлы сүйіктісін ұзатып алып, үйіне ақ келін түсірді

Жұлдызды әулеттегі қуанышты жаңалықпен той қонақтары бөліскен. Олар Instagram желісінде ұзату той кезіндегі фото мен бейнежазбаларды жариялаған. Видеолардан күйеужігіт пен қалыңдықтың шыққаны, құдалардың биі көрініс тапты.

Айта кетейік, Дидар Кәденнің таңдауы Лейла есімді биші аруға түскен. Осы жылдың маусым айында ол сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Әнші бұл батыл қадамға өзінің туған күнінде баруды шешкен. Ол жан достарының көзінше ғашығына сақинаны ұсынды.

Бұл Дидар Кәден үшін екінші неке болды. Бұған дейін сазгер Айым Алтынбековамен шаңырақ көтерген еді. Алайда уақыт өте келе ерлі-зайыптылар дәм-тұздары жараспай, ажырасып кетті. Олардың ортақ ұлдары бар.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.