Меруерт Түсіпбаева журналист Асхат Садырбайдың экс-жұбайына қатысты пікір білдірді

2 802

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Stan.kzӘнші Меруерт Түсіпбаева “Бұрынғы әйелін ұрып-соққан” деп қызу талқыға түсіп жатқан журналист Асхат Садырбайдың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі сұхбатты өшіріп тастаған журналистерді кінәлады. 

“Сократ менің досым, бірақ шындық қымбат” деген сөз бар. Көп ойланып кезінде “Қазақфильмге” қатысты да пікір білдірген едім. Осы жолы Асхатпен сыйласып жүргесін ешнәрсе жазбаймын деп едім, Бірақ кеше экс-жұбайы Айғаным видео жариялапты. Сұхбатын да көріп шықтым. Соны біреулер өшіріп тастапты. Бұл – бассыздық. Журналистер сіздерге не көрінді?! Мен екі рет көріп шықтым. Айғанымның толқып отырғаны көрініп тұрды. Өшіретіндерің бар, неге адамның уақытын аласыңдар?! Неге екені белгісіз, кеше Айғанымның түріп көріп шошып кеттім. Күйзелісін сездім. Жүрек шымырлап, жаным ашып кетті. “Жібекті түте алмаған жүн қылады” деген сөз бар. Ана мен жаны нәзік әйел емес пе?! Осы оқиғадан кейін өзіне берік болса екен?!”, – деп жазды әнші. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.