Блогер Елдос «Колобок» қуанышты жаңалығын бөлісті

2 706

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram/ eldos_kalabokӘзілкеш, қалың көпшілікке «Колобок» деген лақап атпен танымал блогер Елдос Кәдірханов туған күнінде оқырмандарына жақсы жаңалығын айтып, қуантты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

13 жыл бойы сәби күтіп жүрген блогерге еліміздегі емдеу мекемесінің бірі оған ата-ана болуға мүмкіндік бар екенін айтқан.

«Басты жаңалығым осы. Қанша жыл күттім осы жауапты. Аллаға сансыз шүкір! Енді тек дұғада болыңыздар. Алла қаласа тағы да сүйінші сұрасын деп тілеңіздер. Қаншама нәтижесіз операция өткіздім, қаншама дәрі іштім, масқара шығындалып 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен ұялмаймын осыны айтудан, себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасылар бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Аллаға шүкір!», - деп жазды ол желідегі парақшасында.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.