Есқара Бейбіт : "Ұрлық жасағанымыз үшін ауылдан қуылдық"

2 602

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

https://www.instagram.com/eskara.aidan/Танымал блогер Есқара Бейбіт балалық шағынан сыр шертті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


“Ата-анам мен төрт бауырым Шиеліден тұрдық. Мен үйдің үлкені болғасын жоқшылықты көп көрдім. Кеңес заманын көрмесек те, сол одақтың ыдырағанынан кейінгі тауқыметті өткердік. Анам мектепте еден жуады. Мен табысты бола бастағанда “Жұмыстан шығып, үйде отырыңыз. Мен асыраймын” дедім. Бірақ анам мектептегі әріптестерін қимайды. Өзіне ұнағасын әлі істеп жүр”, – деді блогер. 


Блогердің айтуынша, ауыл тұрғындарына ұнамағасын көрші ауылға қоныс аударуға мәжбүр болған. 

“Бұл туралы ешжерде айтпағанмын. Ауылдағы дүкенге ұрлыққа түсіп, мың жылдық қорлыққа тап болдық. Әкем екеуміз тамақ ұрлап, сатқымыз келген. Содан кейін ауыл адамдары бізді көрсе қолдарын шошайтып көрсететінді шығарды. Бір зат жоғалса да “Осылар алды” деп біздің үйге келетін. Анам соны көріп жылайтын. Сол әрекетті өмірімізде бір-ақ рет жасадық. Мың рет азабын тарттық. Жоқшылық өмір қиын еді”, – деді әзілкеш. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.