"Жігіттер ұятсыз жерлерін суретке түсіріп жібереді": Сабина

2 233

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://www.instagram.com/sss.sabina/Атышулы блогер Сабина Мовлаева жігіттердің жиі мазалайтынына шағымданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Желі жұлдызы бір қызымен ажырасып кеткенде, отбасылы еркектер жеке нөмеріне жазып, тыным бермеген. Ол туралы YouTube желісіндегі "Асмира Ермекқызы" каналына берген сұхбатында айтып берді. 

“Көп хат келеді. Менеджерім – ер адам. Маған ер адамдар ұятсыз жерлерін жібереді екен. Көріп қалып “шошып кетемін” дейді. Мен оны көрмеймін, себебі телефонымды менеджерім ұстайды. Жігіттерге де айтқым келеді, соны не мақсатта жібереді?! Түрлі адам бар екен", – деді блогер. 

Одан кейін желі жұлдызы сақалы бар еркектерді ұнатпайтынын жасырмады. 

“Маған сақал өсіретін жігіттер ұнамайды. Ондай жігіттерді көрсем, сақалын қырып тастағым келеді. Екі інім де сақал өсіреді. Көрген сайын ұрсамын. Бірақ “келіндерге ұнайтын шығар, не шаруам бар” деп өзімді басамын. Болашақ жарымның денелі болғанын қалаймын. Үстінен күшті иіс шығуы керек. Бірақ сақалды болғанын қаламаймын”, – деді атышулы желі жұлдызы. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.