"Бір жылда 7 көлік алмастырдым": Нұрлан Еспановтың ұлы табысты болудың құпиясын бөлісті

2 183

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://www.instagram.com/espanov_olzhas/Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы блогер Олжас Еспанов табысты болуының құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Бір алған көлігімді көп уақыт мінемін деп ниеттенемін. Бірақ басқа жақтан жақсы көліктер шығып тұрады. Мініп жүрген көлігімді сатып, соны аламын. Кейде айырбастап жіберемін. Үстіне ақша қосып жаңасын аламын. Жалпы, көлікті қатты жақсы көремін. Бір жылда жеті көлік алмастырған кезім болды. Кейде көліктерім ұнамай қалады”, – деді Олжас. 

Бүгінде блогер жігіт қымыз сатып, табыс тауып отырғанын жасырмады. 


“Қазақтың ұлттық сусыны қымызды жеке кәсіпке айналдырып жатырмын. Өзім алып, өзім сатып жүрмін. Алматы мен Алматы облысы бойынша таратамыз. Жақсы ақша түсіп жатыр. Айына бір тонна қымыз өткіземін десем өтірік айтқаным емес. Қазір команда жағын реттеп жатырмын. Осы кәсіптің арқасында жақындарыма түгел сыйлық жасадым. Оны көрген шығарсыздар. Әлеуметтік желіге таралып кетті. Әке-шешем мен бауырларымнан бөлек, әкемнің інілеріне де сыйлық жасадым”, – деді әншінің ұлы. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.