Наркенже Серікбаева филармония басшысынан көрген қорлығын жайып салды

2 306

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотТанымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармония басшылығы тарапынан қысым көргенін мәлімдеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі жеке парақшасында үндеу жасады. 

“Менде шындық көп… Ашындырып, мені осындай жағдайға жеткізді. Филармония басшысы Ғ. мырза маған қаншама қысым көрсетіп, киімің жоқ деген сылтаумен концерттен шеттетті. Ұят та болсын айтайын, "менің алдыма отыр, мен сені иіскеуім керек" деген сыңайдағы әңгімелердің бәрінен өтіп келемін. Құрметті әкім мырза, осыны қолға алыңызшы. Жалғыз мен емес, қазақтың қаншама қызы сондай басшылардың қол астында кетіп жатыр. Филорманияда қанша жыл жұмыс істедім, бұл екі кісі басшы болып келмей тұрып, мұндай әділетсіздік көрген емеспін! Енді осы жолы шығатын жеріме дейін шығамын. Шындықты айтқаным үшін, махаббат құрмағаным үшін көріп келе жатқан қысымым бүгін шегіне жетті", – деді әнші.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.