"Кінәлі біз емес"

560

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова желіде аса әсерлі жазба жариялап, жанкүйерлерін алаңатып қойды. Қалың көпшілік өнер иесінің мұндай сөздерді жазуына не түрткі болғанын біле алмай әлек. 

Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде аса мұңды жазба қалдырып, оқырмандарын ойландырып қойды.

"Кінәлі біз емес. Кеудемді енді сен емес, мұң болып әнім құшады", - деп жазып қойды әнші.

Эстрада жұлдызының бұл сөздері бірден ел арасында қызу талқыланып, көптеген пікірлерге ие болды.

Бірі әртіске қолдау білдірсе, енді бірі оны сұрақтың астына алды. Қалың көпшілік өнер иесінің мұндай жазбасы жеке өміріне тікелей байланысты деп болжауда. Олар Мадина Сәдуақасовадан жолдасымен қарым-қатынасы туралы білуге тырысты.

"Не болып қалды? Бәрі жақсы еді ғой", "Жолдасыңызбен тағы келіспей қалдыңыздар ма", "Мына жазбаңыздан қорқып қалдым. Не болып қалды сізге", "Бәрі жақсы болады. Сынақты мықтыларға береді", "Мадина ханым қатты көңіліңізді түсірмеңіз. Бәрі жақсы болып кетер", "Бұл сөздерді қалай түсінуге болады", - деп жазуда халық.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.