Бала күнгі арманы: Роза Рымбаевамен ән шырқаған қалыңдық көпшілікті тәнті етті

2 337

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан алынған кадрҚазақстанда өткен тойлардың бірінде ерекше әрі әсерлі сәт орын алды. Қалыңдық той барысында сахнаға көтеріліп, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен бірге ән шырқады. Бұл сәт той қонақтары мен әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кейін белгілі болғандай, қалыңдық бала кезінен Роза Рымбаеваның шығармашылығына тәнті болып өскен. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әншінің әндерін үйреніп, сахнада орындауды армандаған екен. Сол бала күнгі арманы дәл осы сәтте орындалды.

Әлеуметтік желі қолданушылары қос әншінің орындауына жоғары баға беріп, келіннің вокалдық шеберлігі мен сахнадағы үйлесімді атмосфераны ерекше атап өтті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.