Әнші Назиманың пластикалық отаға жүгінгені рас па

464

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: НәзимаҚазіргі уақытта Мальдив аралдарында демалып жатқан әнші Назима Жәнібекова желіде ашық образдағы суреттерімен көптеп бөлісіп жүр. Талдырмаш мүсінін паш еткен өнер иесінің жаңа фотолары ел арасында қызу талқыға қалды. Желідегілер шоу-бизнес өкілінің маммопластика жасатып алғанын болжады.
Назима Жәнібекова Instagram парақшасында ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп, барша жанкүйерелрін қуантты.
 Өнер иесі жағалауда түскен ашық фотоларын жариялап, оның астында өз шығармашылығына қатысты тың мәліметтермен бөліскен. 
"2020 жылы менің әндерімнің бағыттары алуан түрлі болғаны соншалық, кейде өзіме "мен шынымен осындай өлең шығардым ба?" деген сұрақ қоятынмын. Қазір болса мен әр қадамымды ойға салып бір-ақ басамын. Өлеңнің ырғағы, бағыты мен мәтінін жіті қадағалаймын. Мен шығарған әр туындының сапалы болып, жүректен шыққанын қалаймын. Қараша айынан бері әндер шығармауымның себебі де осы. Мен жаңа дыбыстарды іздеп жатырмын, түрлі музыканттармен жұмыс істеп көріп жатырмын. Маған ұнап қалған дүние бар. Жақын арада бөлісетін боламын" , - деп жазды ол. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.