"Жұғысты болсын": Актриса Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін күтіп жүр

561

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Отандық танымал актриса Айнұр Ілиясованың отбасы тағы бір сәбимен толықпақ. Өнер иесі үшінші перзентіне аяғы ауыр екенін ресми түрде растады. 

Бұл қуанышты жаңалықпен жұлдызды ананың өзі Instagram парақшасында бөліскен. Аяғы ауыр жұлдыз желіде жаңа фотосын да ел назарына ұсынған. Онда актрисаның іші шығып қалғанын байқауға болады.

"Бәрі менің белім қайда жоқ болып кеткенін біле алмай әлек болды. Оның құпиясы осы. Жолдасыма рахмет. Сіздерге де жұғысты болсын, сол үшін әумин деп қойыңыздар", - деп жазды Айнұр Ілиясова.

Желі қолданушылары бірден өнер иесін жарыса құттықтап, оған өз ақ тілектерін білдірді.

"Құттықтаймыз. Аман-есен босанып, балапандарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Недеген керемет жаңалық. Сіз үшін аса қуаныштымын", "Жарайсыз Айнұр, батыр ана болуды нәсіп етсін", "Керемет, құттықтаймын. Ұлды болыңыздар", "Қос қызыңыздың артынан ұл ерсін", - деп жазуда көпшілік.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.