Мейрамбек Беспаев қызының тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді

2 287

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотТанымал әнші Мейрамбек Беспаев қызының 1 жасқа толу әрі тұсаукесер тойын өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі жақындарының басын қосты.

“Мәке-Мархабай той-тойға ұласын. Айзия балапанның 1 жасы құтты болсын", – деп жазды өнердегі достары.  
“Айзия қызымыздың тұсауын көк шөппен кесу мәртебесі жүрегімнің ішіндегі жүрегім Динараға бұйырды. Көгеріп, көктеп, тамыры тереңге тартылып, мәуелі бәйтеректей жайқала берсін”, – деп жазды Сәкен Майғазиев. 

Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын әншінің жары 9 жыл күткен сәбиін дүниеге әкелген еді. 

“Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздерге бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", – деп жазды өнер иесінің жұбайы.  
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.