Еркін Нұржанов отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті
2 548
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Танымал әнші Еркін Нұржанов қасиетті Рамазан айында қызды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің 20 ақпанда бесінші баласы дүниеге келген. Жанұясы тағы бір жанмен толыққанын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жыр шумақтарымен жеткізген.
"Жеткенде шүкір Алла шын асылға, Еркін балаң сүйінші сұрасын да. Ей жақсылар, сүйінші, қызды болдым, Рамазанның алғашқы жұмасында", - деді Еркін Нұржанов.
Желі қолданушылары әншіге құтты болсын айтып, жылы лебіздерін жазған.
Айта кетелік, жаңа туған сәбиден бөлек, Еркін Нұржанов пен жары Динараның шаңырағында екі ұл және екі қыз бала өсіп келеді.
Қаз
Рус






