Өнер иесі ашық иықты, жарқын түсті көйлекпен бой көрсетті

2 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©@zhuldyzomirgali_officialҚазақстандық актриса, тележүргізуші, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғали бірнеше ай бұрын босанғаннан кейін қайта қалпына келіп, сәнді образымен әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аудартты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі ашық иықты, жарқын түсті көйлекпен бой көрсетті. Киім оның сымбатты мүсінін айқын көрсетіп, образын ерекше нәзіктікпен толықтырған. Жұлдыз образын әшекей бұйымдармен әрлеп, шашын голливуд стилінде толқынды етіп сәндеген. Желі қолданушылары актрисаның сырт келбетіне жылы пікірлер қалдырып, комплименттерін жаудырды. Олардың арасында «Өте әдемі образ», «Сіз нағыз сұлусыз», «Сізге бұл стиль керемет жарасады», «Табиғи сұлулық» деген пікірлер бар.

Жұлдыз Өмірғали өткен жылдың соңында екінші рет ана атанған болатын. Соған қарамастан ол қысқа уақыт ішінде қайта қалпына келіп, бұрынғы қалпына келген сымбатын көрсетті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.