Үлкен әйелге үйленген Ринат Шамшырақ алғаш рет әке атанды

2 630

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/rinat_shamshyrak/Әнші әрі блогер Ринат Шамшырақ пен жары Аружан Төре қызды болды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Сүйінші жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. 

“Аллаға мың шүкір. Жақсылар, құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін Алланың қалауымен, әке атандым. Қош келдің, қызым. Осындай сәт сіздерге де жұғысты болсын. Ана болу, әке болу бақытын шын жүректен тілеймін”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші қызының есімін атасы мен әжесі қоятынын айтып, жарына алғыс білдірген.

“Есімін бұйыртса атасы мен әжесі өзіміз қоямыз деді. Осындай сәтті сыйлаған жарыма алғысым шексіз”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіні қуанышты жаңалығымен құттықтап, сәбиге ұзақ ғұмыр, ата-анасына бақыт тілеп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.