КешYOU-дың Астанадағы мерейтойлық концерті қай күні өтетіні белгілі болды

2 531

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Instagram.com/bayanmaxatkyzy“КешYOU” тобы Астанада үлкен мерейтойлық концерт өткізбек. Продюсер Баян Алагөзова ұжымның 20 жылдығына арналған шоудың қашан өтетінін жария етті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Концерт 19 қыркүйекте елордадағы “Барыс Аренада” өтеді.

Продюсердің айтуынша, Астанада концерт өткізу туралы шешім жанкүйерлердің көп өтінішінен кейін қабылданған. Ұйымдастырушылар бағдарламаны шамамен 40% жаңартып, Алматыдағы концерттен кейін байқалған кемшіліктерді түзеткен. Сонымен қатар шоу жаңа алаңның мүмкіндігіне бейімделген.

Билеттер Freedom Ticketon сервисі арқылы сатылымға шығады. “Барыс Арена” Алматыдағы стадионға қарағанда шамамен екі есе аз көрермен қабылдайтындықтан, продюсер жанкүйерлерді билет алуды кейінге қалдырмауға шақырды.

Осыған байланысты билет бағасы Алматыдағы концертпен салыстырғанда шамамен екі есе қымбат болуы мүмкін. Дегенмен ең арзан билет құны шамамен 15 мың теңгеден басталады.

Желіде бұл жаңалық қызу талқыланды. Кейбір жанкүйерлер концерт күнін өзгертуді сұраса, өңірлердегі тыңдармандар Астанаға арнайы баруға дайындалып жатқанын жазып жатыр.

“Алтын құрам болады ма екен?”, “20 қыркүйекке ауыстырсаңыздар екен”, “Осы күнді де көрдік-ау”, – деп жазған олар.

Көпшілікті әсіресе топтың бұрынғы және қазіргі құрамының бір сахнада бас қосуы қызықтырып отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.