Қайрат Нұртас Алматының Орталық стадионында үлкен концерт береді

2 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИТанымал әнші Қайрат Нұртас шығармашылық жолының 20 жылдығын Алматыда ауқымды жеке концертімен атап өтпек, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі алдағы концерт туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Анонсқа қарағанда, кеште әншінің көпшілік сүйіп тыңдайтын хиттері орындалып, көрерменге арнайы әзірленген үлкен сахналық шоу ұсынылады.

Мерейтойлық концерт 2026 жылғы 4 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Ондаған мың көрерменге арналған кеш Қайрат Нұртастың жиырма жылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын ерекше концерт болмақ.

Осы уақыт аралығында әнші халық арасында кеңінен тараған көптеген ән ұсынып, Қазақстандағы ең танымал эстрада жұлдыздарының біріне айналды.

Концерт билеттері сатылымға шығып қойған. Бағасы 5 мың теңгеден басталады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.