Нұржан Қалжан: Мойнымда бес бұрандамен бекітілген темір бар

2 523

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/nurzhan_halzhanБелгілі әнші Нұржан Қалжан ауыр жол-көлік оқиғасынан кейінгі денсаулық жағдайы мен соның салдарынан сахнадан алшақтауы туралы айтып берді. Сұхбат барысында ол денсаулығына байланысты дәрігерлердің болжамы мен мойнына жасалған операцияның егжей-тегжейін бөлісті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші "1001 түн" бағдарламасында әңгімеледі. 

«Өзіме нақты диагноз қойылды деп айта алмаймын, бірақ ән айтпауым мүмкін деген сөздер айтылды. Әрине, өйткені қазір мойнымда темір бар. Ол жерге бес бұранда бекітілген: екеуі төбесінде, екеуі астында, ал біреуі ортасында орналасқан. Рентгенге түсіріп қарағанда, ол анық көрініп тұрады», — деді Нұржан Қалжан.

Сонымен қатар, өнер иесі апат кезінде қаза тапқан досы, танымал тележүргізуші Руслан Бөлебайды еске алып, болған оқиғаның өзіне психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып тигенін сөз етті. Оның айтуынша, соққыдан кейін өнер мен шығармашылық екінші орынға ысырылған.

«Ол кезде бұл жағдай мені мүлдем мазалаған жоқ, тіпті қайтадан ән айтамын деген де ой болған жоқ. Өйткені бірінші орынға денсаулық шықты, ал екінші жағынан, қасымдағы достарымнан айырылып қалдым. Сіздердің әріптестеріңіз Руслан Бөлебай екеуміз бірге едік, бір көлікте болдық. Сол оқиға мені өте қатты қинайды, әлі күнге дейін солай. Ол кезде басқа нәрсені ойлайтын уақыт та, жағдай да болған жоқ. Сол кісілер аман қалып, олардың орнына мен кетіп қалғанда ғой деп, кейде өзімді қатты кінәлаймын, себебі рөлде мен отырған едім. Солай бола тұра, ол жерде ән, дауыс немесе өнер туралы ойлану мүлдем мүмкін емес еді», — деді әнші.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.