Мадина Оспанова алғаш рет ана атанбақ

469

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншот"Ұлы дала комедиясы" фильмінде Төреғалидің сүйіктісін сомдаған актриса Мадина Оспанова аяғы ауыр екенін растады. Киножұлдыз жолдасымен бірге бала жынысын анықтайтын "гендер-пати" ұйымдастырып, қалың көпшілікке қуанышты жаңалығын хабарлаған.

Мадина Оспанова жақында алғаш рет ана атанбақ. Қуанышы қойнына сыймаған актриса бұл жаңалықпен бірден жанкүйерлерімен бөлісуді жөн көрген. Ол Instagram парақшасында "гендер-пати" кезіндегі видеомен бөлісіп, тіпті болашақ сәбиінің жынысын да жария еткен. 

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды шын жүректен құттықтап, өз ақ тілектерін жаудыруда. Олардың айтуынша, бұл жұбайлардың көптен күткен перзенті болмақ. 

"Құттықтаймыз, аман-есен босануыңызды нәсіп етсін" , "Көптен күткен сәби ғой. Мадина сіз
керемет ана боласыз" , "Көптен бері көтере алмай жүрмін деуші еді. Жарайсың, сен үшін қуаныштымыз" , "Керемет жаңалық. Ерлі-зайыптылар бақытты болсын" , "Аман-есен босанып, бауырыңы бас" , "Ұлды болады екен" , "Батыр дүниеге келеді жақында" , "Бұл сәбиді ұзақ күтті ғой" , - деп жазуда көпшілік. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.