Қайрат Нұртас әкесінің туған күніне су жаңа көлік сыйлады

754

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың отбасында қуанышты жағдай. Жұлдызды жанұя өткен демалыста әкелері Нұртас Айдарбековтың туған күнін дүркіретіп тойлатқан - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қайрат Нұртас әкесінің жаңа жасқа толуына орай, дүбірлі той жасаған. Онда жұлдызды әулеттің ет-жақындары мен бірқатар өнер жұлдыздары жиналған. Алайда, бұл мерекелік шарадан туған күн иесі бейхабар болған. Оған келіншегі мен балалары үлкен тосын сый жасаған.

"10 шақты досың күтіп отыр деп алып келгенбіз, есіктен кіргенде, алдынан шу етіп ағайындар мен достарымыз түгел қарсы алғанда, сасқанынан "дастарханды не істейміз" деп құлағыма сыбырлап жатыр. Қайдан білсін, Түркияда жүрсем де телефонмен бәрін реттеп қойғанымды. Мен Түркиядан, Нүрекең Астанадан ұшып келгенбіз ғой. Қайратымның өнердегі достары да барынша үлестерін қосып, қонақтарымыз қайтқылары келмей барынша көңіл-көтеріп, Аллаға шүкір ойымыздағыдай өтті. Әрбір шаңырақта той болсын", - деп жазды Айдарбекова.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.