Мөлдір Әуелбекованың екінші некесі сәтсіз аяқталды

654

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әнші Мөлдір Әуелбекова  күйеуімен ажырасып кеткенін айтты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Мөлдір Instagram  желісінде әлеуметтік парақшасында оқырмандарымен сұрақ-жауап ұйымдастырды. Әнші "Тұрмыстасыз ба?" деген сауалға: "Жоқ" деп жауап берді.



Екінші некесі де сәтсіз аяқталған әнші жолдасын кешіргенін мәлім етті. 


Әуелбекова жалғызбасты ана болудың қаншалықты қиын екенін айтып, шағымданған оқырманына кеңесін айтты.

"Мен ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі менде басқа амал жоқ... Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек. 

Сіз де құлазымаңыз! Еш мойымаңыз! Алла көтере алмайтын сынақ бермейді! Өміріңіздің әрбір сәті тек Алланың қалауы! Шүкір, тәубе етіңіз! Алла жар болсын", - деп жазба қалдырды ол. 

Мөлдір 2020 жылы екінші рет тұрмыс құрған еді. Ол 2021 жылдың маусым айында қыз баланы дүниеге әкелді. Әншінің бір ұл, бір қызы өсіп келеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.