"Ер адам секілді": Ләйлә Сұлтанқызы жас кезіндегі суретін жариялады

412

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде жас кезіндегі суретін жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ләйлә Сұлтанқызы жас кезіндегі фотосымен "Instagram" әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. Қазақ көйлекпен тұрған Ләйләнің айтуынша, бұл фото 1992-1993 жылдары Наурыз мерекесі кезінде түсірілген.


"1992-93 жылдар-ау шамасы. Наурыз мерекесін енді-енді тойлап жүрген кезіміз. Есімде, Дишинкам екеуміз Шымкенттің зоопаркінде өтетін Наурызға қатты дайындалатынбыз. Мамам көже пісіреді, мен нөмір дайындаймын. Ән, би, өлең оқу дегендей. Уақыт деген зымырап өтіп барады", - деп жазды ол.

 

Желі қолданушылары тележүргізушінің суретіне қатысты пікірлерін білдірді.

"Түріңіз ұл сияқты болыпты",  "Ашулысыз ғой", "Бұл шынымен сіз бе?", "Ер адам көйлек киіп алған екен деп қалдым", "Ер адам деп қалдым", "Мүлдем өзіңізге ұқсамай тұрсыз", "Шынымен Ләйлә ма?", - деп жазды желі қолданушылары.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.