Жазира Байырбекова әкесінің арманы туралы айтты

432

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова өзінің бұрынғы армандары туралы айтып берді. Өнер иесі бала күнінде тұрмысқа шығып, үлгілі келін болуды арман еткен. Алайда, әншінің әкесі оның болашағы үлкен сахнамен байланысты болатынын жорамалдаған.

Жазира Байырбекова кішкентай кезіндегі естеліктерімен Instagram парақшасында бөлісіп, ел назарына өзінің бала күнгі фотосын ұсынған. 

"Бала күнімде гастрольдік сапарда көп жүрдім. Әр ауылдан өтіп бара жатып “мен қай ауылдың келіні болар екем” деп ойлайтынмын. Шелекпен су тасыған,басына орамал таққан келіншектерді көрсем “мен де осылай жүретін шығармын” деп ойладым" , - деп жазды өнер иесі. 

Фото: Іnstagram.com/ЖазираАлайда, әртістің әкесі мүлдем басқа нәрсені армандаған болып шықты. Ол қызын үлкен сахнада көргісі келген. 

"Бірақ әкемнің “Керемет әнші болады.Жазираны қазақ халқы танитын болады”деген сөздері санамда қалып қойды. Сонымен өз санамдағы да,әкемнің тілегені де орындалған сияқты. Ауылда тұрып келіндік қызметімді де жасап үлгердім,Әкемнің тілегін де орындау үстіндемін. Аллаға шүкір" , - деп жазды ол. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.