Балғынбек Имашев: Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да, Елбасын ерекше жақсы көрем

644

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақын Балғынбек Имашев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше жақсы көретінін мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


"Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да өз басым Елбасын ерекше жақсы көрем. Бұл жүрегіме Алла салған сүйіспеншілік. Сондай-ақ, Әбіш Кекілбаевты да, Мырзатай Жолдасбековті де, Қасымжомарт Кемелұлын да, Иманғали Нұрғалиұлын да, Қырымбек Елеуұлын да, Бердібек Мәшбекұлын да жақсы көрем.

Бұлар мен үшін әкім, премьер, мем.хатшы, президент т.б емес, Тәуелсіз Қазақстанның ең қиын кезеңінде барлық күш-жігерін, қажыр-қайратын ел үшін сарп еткен қазақтың арда ұлдары. Бұл тізімді жалғастыра берсе болады, бірақ, мақсат біреуді мақтап, оған жағыну емес.

Мендегі қорқыныш - ендігі буында мұндай іскер, жанкешті, тәжірибелі, мықты кадрлар болмайды-ау. Кілең саудагер, кәсіпкер, бизнесмен, менеджер, пиармен, космополит кадрлар келетін сияқты", - деп жазба қалдырды айтыскер желідегі парақшасында. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.