Едәуір салмақ тастаған танымал әнші

674

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

"Диета КЗ" тобының әншісі Жасұлан Базарбаев едәуір салмақ тастап, адам танымастай өзгеріп кетті, деп  хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Фанаттары соңғы кездері әншінің сырт келбетіндегі өзгерісті байқаған. Елден келген толассыз хаттар легін көрсеткен Жасұлан "көп сұраққа бір жауап" ретінде арықтағанға дейінгі және кейінгі суретін көрсетті. 
Ол салмақ тастағалы өзін жеңіл сезініп жүргенін айтып өтті. Мұндай нәтижеге жету үшін ешқандай дәрі ішпегенін ескертті. 
"Рахат-ай, мен әлі тоқтамаймын. Сосын айтарым, ештеме ішпедім, ешкімнің диетасын ұстамадым. Менің суретімді қойып, дәрі-дәрмек жарнамаласа, сенбеңіздер. Қазір де басты қатырып, ақша ұсынып жатқан кісілер көп. Біреудің арбауына түсіп қалмаңыздар. Қалай салмақ тастағаным туралы кейін пост салам, әзірге сабыр", - деп жазды Жасұлан желідегі парақшасында. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.