"Өзің амансың ба деп сұрауға шамасы келмеді"

385

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жол апатына түсіп, көлігінен айырылып қалғаны туралы пікір білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуіне деген өкпе-назын Instagram парақшасында жеткізген. Ол жол апатынан кейінгі экс-жолдасының қылығына ренжіп қалған.
Өнер иесінің сөзінше, қызының әкесі оның жағдайын сұраудың орнына көлікті соққаны үшін әртісті сөккен. Әуелбекова бұл жайтпен нақты соңғы нүктесі қойылғанын айтты.
 Сонымен қатар, эстрада жұлдызы өзі үшін алаңдаушылық танытқан барша жандарға алғысын да білдірді.

"Кешегі мен түскен жол апаты жайлы сторисімді қарап, жағдай сұрасып, қолдап жатқандарыңызға рақмет. Негізі, түбінде бұл жерде мәселе сол темір немесе 5 млн теңгн де емес қой. Мені қыңжылтып тұрғаны, көлікті маған сыйлаған қызымның әкесіне: "жол апатына түсіп қалдым" - дегенде, "өзің амансың ба, тірісің ба?" деп сұрауға шамасы келмеді. "Қай жерін соқтың, қатты соқтың ба, қанша тұрады білесің бе сен?" - деп темірін сұрап әлектенді. Айтарға енді басқа сөзім жоқ. Соңғы нүктесі осы. Аллаға тапсырдым. Алла әділ. Реттейді. Тек сабыр мен уақыт керек. Осымен бұл тақырып енді жабық", - деп жазды ол. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.