Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесін күшпен тартып алған - Баян Мақсатқызы

380

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесін әлдекімдер күшпен тартып алған. Бұл туралы оның жары Баян Мақсатқызы жария етті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


YouTube арналарының бірінде кеше ұсталған Қайрат Сатыбалдыұлы белгілі адамдардың бизнесін тартып алды деген даулы ақпарат тараған. Онда құрбан ретінде Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызының суреттері жарияланған. Продюсер мұны көрсе де, ұзақ уақыттан бері еш жауап бере алмағанын айтты. Өйткені: 


"Шындықты айтуға мүмкіндігім болмады. Себебі қоқан-лоққы мен қысым көрсетілді. Жақын арада күйеуімнің бизнесін қалай тартып алғаны жөнінде бар шындықты айтамын. Әділ тергеу жүреді деп үміттенемін", - деген Алагөзова елімізге танымал фамилия иелерін жариялайтынын айтты.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.