Тележүргізуші Диана Қырықбай: 200 мың теңге табатын жігіттің ақшасы маған жетпейді

650

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Танымал тележүргізуші Диана Қырықбай жігіттер қауымына не себепті жоғары талап қоятынын айтты. Ақпарат өкілі қарапайым жігіттер оны асырай алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Диана Қырықбай бүгінде өзіне көп жігіт көңіл білдіргенімен, олардың жалақысы көңілінен шықпайтынын айтты. Тележүргізушінің сөзінше, 200 мың теңге айлық алатын азаматтардың ақшасы оған жетпейді.

Ақпарат өкілі бұл туралы өз әріптесі Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты.


 "Менің жігіттерге қояр талабым көп. Кейбіреулер менің сөзімді түсінбей жүр. "Қарапайым деген қандай қыз? Сонда сізге айына қанша ақша кетеді?" деп жазады. Кез келген қызды керемет әдемі қылуға болады. Ол ақшаға келіп тіреледі. Мен, мәселен, өз күтіміме айына 2 миллион теңге жұмсаймын. Себебі, менің әдемі болуым керек. Салонға баруым керек. Бетімді күтуім керек. Ал жігіттер бір арнадан шыға алмай қалған секілді. Мен 200 мың теңге табатын жігітпен қалай тұрамын. Оның ақшасы маған жетпейді ғой. Қазір бұл ақшаға ешкімді де асырай алмайсың. Жігіттер бағаны көтеру керек", - деді Диана Қырықбай.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.