Медеуов әнге балағат қосатын әншілерді ұрғысы келеді

492

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әнге балағат сөздерін қосып айтатын әншілерді сынға алған Саят Медеуов оларға жұдырық жұмсағысы келетінін ашық айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Әншіге тоқтау болып отырған – заң. Саяттың айтуынша, осы заң сахнада ойына келгенді жасап, есіріп жүрген әртістерге тоқтау салса дейді.  Бұл туралы әнші «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасында берген сұхбатында айтқан болатын.  

"Кез-келген уақытта үйдегілермен отырып, ғаламторды ашып қалсаңыз, көру мүмкін емес. Барлығы тола боқауыз. Кішісі де, үлкені де. Сахнаға шығып жатқан қазіргі әншілерді тыңдау мүмкін емес. Замандастарымыздың да істеп жүрген тірлігі оңып тұрған жоқ. Кез келген киноны алып қараңыз, ішінде боғауыз сөздер бар. TikTok пен Instagram-ға видео салуға шектеу қоя алмайды, ол біздің қолымызда емес. Бірақ кім сонда жаман сөз салғаны үшін мемлекеттік тұрғыдан жазаламаса, бұл тоқтамайды. Сол адамдарды жауапқа тартып, мүмкіндік болса, қамаса да болады»,- дейді Саят Медеуов.

Сонымен қатар, әншінің айтуынша  әріптестерінің көбісі көгілдір адамның рөлін ойнап, видео түсіретін жағдайға жеткен. 


"Көрермен жинайды, сол арқылы ақша табады. Бұл – үлкен опасыздық. Бұларды ұрса да болар еді. Әттең, сотталып кетесің. Заңнан қорқып сөйлей алмаймыз. Әйтпесе ұрғың келеді", - дейді Медеуов.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.