"Көзімнен жас аққанша ызаланамын": Жәния Джуринская қыздан гөрі ер балаға қуанатын ата-аналарға шамданды

235

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жәния Джуринская ер мен әйелдің қоғамдағы теңсіздігі туралы сөз қозғады. Ай-күні жақындап, тұңғышын күтіп жүрген ол қыздан гөрі, ер баланың дүниеге келгеніне қуанатын ата-аналарға шамданды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/?hl=ru


Жәния Instagram парақшасында зорлық-зомбылыққа ұшырап, соған көндігіп жүре беретін әйелдер мәселесін көтерді. Ол той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген ер адамның видеосын жариялап, ондай адамдарды "жек көретінін, бар жамандықты тілейтінін" атап өтті. Сондай-ақ, отбасында қыз бен ұлды бөлетін ата-аналарға шамданды. 


"Шынымды айтсам, бұл нәрсе көзімнен жас аққанша менің ызама тиеді. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда қыздан қарағанда, ер баланың дүниеге келгеніне қаттырақ қуанады. Кешірім сұраймын, бірақ қызға Ұлболсын, Ұлдана, Ұлпан деп есім беретін ата-аналарға таңғаламын. 
Қызыңды солай атасаң, келесі перзентің ұл болады деген сенім бар. Ал қыздың өзін керексіз сезініп өсетіні оларды алаңдатпайды
", - деді Джуринская.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.