"Қарны қампиып, іші жылтырап": Альбина Шардарова ашық образы үшін сынға қалды

567

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әнші Альбина Шардарова кеудесі, іші ашық киім киемін деп көпшіліктен сөз естіп қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Фото: www.instagram.com/albina.shardarova/


Альбина жұбайы Бауыржан Сатовпен бірге отандық кинокомедияның тұсаукесеріне қатысты. Фильмде әншінің күйеуі басты рөлдердің бірін сомдаған.


"Казахи против пришельцев" фильмінің тұсаукесері. Барлығына Бауыржанның рөлі, оны жоғары деңгейде алып шыққаны ұнап жатыр. Ал мен жанында мәз боп, комплименттер естіп жүрдім.

Бүгінгі образым қалай сіздерге? Әдемі болып жүрген сияқты болдым өзім. Менің көңілімнен шықты. 
Қысқасы кинодағы жігіт те, оның жанында тұрған қыз да ұнады! Сіздерге ше?
" - деп көпшіліктің пікірін сұрады Шардарова. 


Алайда желідегі оқырмандары Альбинаның жаңа образын қолдамады. Керісінше ауыр сын айтты. 


"Ренжімеңіз, бірақ мына киіміңіз кішкене ыңғайсыздау", "Киіміңіз жараспайды, ішіңізді тарту керек. Майларың қатты көрініп тұр. Ренжімеңіз, сізге әдемі көйлектер жарасады", "Альбина мына образың болмады, қарның қампиып, ішің жылтырап, негізі әп-әдемі қазақтың қызысың. Немесе қарныңды тарту керек еді", "Ішіңіз шығып тұр. Онша жарасымды емес сияқты. Кеуде де сәл ашық, ерсілеу. Көз алдымызда Альбинаның киім киісі бөлектеу болатын", - деп жазды олар.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.