Сиви Махмуди балаларын бұрынғы күйеуімен араластырмайтынын ашық айтты

303

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Некесі сәтсіз аяқталған әншілердің бірі - Сиви Махмуди. Сылқымның айтуынша, ол бұрынғы күйеуімен мүлдем араласпайды. Сивидің экс-жары тіпті, үш перзентін де іздемейтін көрінеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Фото. https://www.instagram.com/sivi_makhmudi/Бұл туралы Сивидің өзі Instagram парақшасында айтты. 

"Жоқ, мүлдем. Мен де, балапандар да араласпайды", - деп жауап берді Махмуди бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасы жайлы сұрағандарға.


Алайда Сиви әке мен балалардың арасына түспегенін, олардың араласуына тыйым салмағанын атап өтті.

Жуырда Сиви қалыңдық көйлегін киіп, ел алдына шыққан еді. Одан бөлек, Махмуди табынушысынан 101 раушан гүлін алғанын көрсетті. Соған қарап, көпшілік Сиви жақында тағы ақ келін атанады деп болжады. Алайда актрисаның өзі мұны жоққа шығарды. 

"Шынымды айтсам, енді тұрмысқа шыққым келмейді. Бірақ болашақта керек. Әзірге ондай жоспарым жоқ", - деді ол. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.