Танымал актер Данияр Алшынов отау құрды

424

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Танымал актер Данияр Алшынов бойдақтықпен қош айтысты. Ол Ажар Күнболат есімді модельге үйленді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бірер күн бұрын Ажардың ұзату тойы болып өткен. Қалыңдықты Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай ұзатты. Ол жас жұбайлардың ортақ досы көрінеді. 


"Құттықтауларыңызға рахмет. Айтпақшы, бұл үйлену той емес, ұзату той. Үйлену тойымыз әлі алда",  – деп бөлісті Данияр Алшын.


Ал Данияр мен Ажар осыдан бір жыл бұрын Грузияда танысқан көрінеді.


"Біз барлығымыз өткен жылдың қазан айында Грузияда таныстық. Қызық, бірақ саяхатқа деген махаббат өмірді түбегейлі өзгертеді. Сол кезде Грузияға бармасақ, қазір осы жерде тұрмас едік", – деді жас жұбайлардың ортақ досы.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.