Дінге бет бұрған Рүстем Жүгінісов ұзын сақалын сынағандарға жауап берді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
"Ағайынды Жүгінісовтер" тобында өнер көрсеткен Рүстем Жүгінісов бүгінде шоу-бизнестен толықтай алшақтап, дінге бет бұрған жігіттің сыртқы образы жұрттың сынына жиі ұшырап жүр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желідегі парақшасына зер салсақ, қазіргі Рүстем Жүгінісовтің сыртқы болмысы тым басқа. Шоу-бизнесте жүрген кездегі естелік суреттер мен видеолардың барлығын өшіріп тастаған. Нақалын өсіріп алған ол діни тұрғыдағы жазбаларды жиі жариялайды. Алайда әнші жігіттің бұл әрекетін оқырмандары қабылдай алмай жүрсе керек, түрлі теріс пікірлер жазып жатыр.
Ал Рүстем Жүгінісов өзінің ұзын сақалы мен діни ұстанымына байланысты бейнеүндеу жариялады.
Қаз
Рус






