Мақпал Жүнісова қудалауда болғанын ашық айтты

346

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/Марқұм мемлекет және қоғам қайраткері, кезінде Алматы қаласының әкімі болған Заманбек Нұрқаділов билікке қарсы шыққаннан кейін, Мақпал Жүнісова қудалауда болғанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Халық әртісі республикалық арналардың қара тізіміне еніп, бағдарламаларға шақырту алуды қойған. Ол дәурен өтті. Жаңа билік Жүнісованың халықпен қайта қауышуына рұқсат берді.
Бұл туралы Халық әртісі Instagram парақшасында жазды. Жүнісова Қыдырәлі мен Қарақат жүргізетін "Жақсы адамдарым" бағдарламасына шақырту алған. 

"Осы хабарға мені түсуруге болмайды деген, Зәкең билікке қарсы шыққаннан кейін қара тізімде болып едік. Қазіргі билік рұқсат етіпті. Дүйсенбіде түсіреді екен, көрермендер болады дейді. Көрермендер болады дегенді мен түнде біліп жатырмын. Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы хабарға шақыруды 18 жыл күтіппін", - деп ағынан жарылды Мақпал Жүнісова.


Түсірілімге бару жайлы ұзақ ойланған Жүнісова ақыры көрерменімен қайта қауышқанын айтты. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.