Жамбылда енесінің атынан келіні несие рәсімдеген

224

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне 57 жастағы осы ауданның тұрғыны белгісіз тұлғаның банк қосымшасы арқылы оның атына 750 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп алғаны туралы арызданған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

26 қазанда Полиция қызметкерлерімен мән-жайды анықтау барысында жәбірленушінің аталған несиеден мүлдем хабары болмағаны анықталды.
Ол осы уақытқа дейін тек 100 мың теңге көлемінде рәсімдеген несиесін ай сайын төлеп жүргені, тек банк қызметкері хабарласып төленбеген несиесі бар екенін ескерткен кезде білгені белгілі болды.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар 23 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

"Күдікті кінәсін толық мойындады. Ол жәбірленушінің келiнi болып шықты. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді полиция басқармасы.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.