Қала әкімдігі 2,9 млн теңгеге алты автоқаптама сатып алмақ болған

303

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қарағанды әкімдігі алты қызметтік көлікке 2,9 миллион теңгеге алты автоқаптама сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Автоқаптама тігу жұмыстарына тапсырыс берген құжат goszakup.kz порталында жарияланды. Сайтта тапсырыс беруші ретінде Қарағанды қаласы әкімінің аппараты көрсетілген. Техникалық спецификацияда мердігер Kia Sorento, Toyota Land Cruiser 200, Skoda Superb және Kia Cerato маркалы алты автокөлікке автоқаптама тігуі керек делінген.


Бұл ақпарат әлеуметтік желіге тарап, резонанс тудырды. Желі қолданушылары мұндай шығынның қисынсыздығын талқылап, бұл дерек бойынша аудит жүргізуді талап етті. Олардың ашу-ызасы назардан тыс қалмады. Бір-екі сағаттан кейін ақпаратқа Қазыбек би ауданының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, сатып алу тоқтатылды.



Мониторинг барысында көрсетілген жұмыс құнының асыра бағаланғаны анықталды. Қарағанды қаласы әкімінің аппараты алты автокөлікке арналған көлік қаптамаларының жиынтық құнын 2,9 миллион теңгеге бағалаған. Олардың көрсетуінше, бір автоқаптама 494 мың теңгеден асады. Ал биыл қыркүйекте Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы бір автоқаптаманың құны небәрі 95 мың теңге тұратынын жариялаған болатын. Осыған байланысты және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану қажеттілігін негізге ала отырып, бұл сатып алудың күшін жою керек, - делінген прокуратура хабарламасында.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.