Оралдық тұрғын туған бауырын пышақтап өлтірген

214

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Орал тұрғыны туған бауырын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 қарашада кешкі уақытта болған.

«47 жастағы ер адам Циолковский көшесіндегі өз пәтерінде жедел жәрдем келгенше пышақ жарақатынан көз жұмды. Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен Орал қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, өлтірілген адамның денесі сараптамаға жіберілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Белгілі болғандай, екі ер адам бір-бірімен ағайынды болған. Алайда Полиция департаменті олардың арасындағы туыстық байланысты растамады, бірақ жоққа да шығарған жоқ.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.