Қаттар үйінің басшысы мүгедек қариялардың зейнетақысын жымқырған

277

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қарағанды облысында қариялардың зейнетақысы мен жәрдемақыларын ұрлаған қарттар үйінің басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Qamqor» жедел алдын-алу шарасы аясында қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамының қаражатын ұрлау фактісін анықтаған болатын, оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.

«Айыппұлдан басқа, директорға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға тыйым салынады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ КММ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі екі маманына Евстафьева М. мен Лимарева Ю. және Абай қаласының Қазпошта бөлімшесінің қызметкері Брушневскаяға Л. өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан сенімді алдау және теріс пайдалану жолымен өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін үкім шығарылды.

Олар кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды және жазаны өтеудің мерзімінде мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, пробациялық бақылау белгіленді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.