Қызылордада 7 балабақша апатты жағдайда тұр

276

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы, Қазалы қаласында тозығы жеткен балабақшада 90 бүлдіршін әлі күнге дейін ескі ғимаратта тәрбиеленіп отыр, - деп хабаралайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Екі қабатты ғимарат 1958 жылы автобаз жұмысшыларына арнап салынған. Кейін 90 жылдардың бедерінде ескі нысан балабақшаға беріліпті.

Бүгінде балабақшада жас ерекшелігіне қарай төрт топ бар. Әрқайсында 20-25 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Осыдан 10 жыл бұрын апатты деп танылған балабақшаның мәселесіне жергілікті билік биыл көңіл бөлді. Қазір 140 орындық бөбекжай бой көтеріп, жаңа нысан жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады.

"2012 арнайы сарапшылардың қорытындысымен апатты деп танылған. Содан бері бұл мәселе көтеріліп келіп, биыл міне шешімін тауып отыр. Құрылыс жұмыстары қазір толығымен аяқталып тұр. Тек ішіндегі кейбір заттарының келуін күтіп отырмыз. Алдағы жақын күндері жаңа балабақшаға көшеміз деген жоспар бар", - деді аудандық білім бөлімінің әдіскері Ержан Төлегенов.

Жалпы облыс бойынша бүгінгі күні 7 балабақша ғимараты ескіріп, тозығы жетіп тұр. Жергілікті әкімдік алдағы үш жылда апатты жағдайдағы бөбекжайлар мәселесін толық шешуді межелеп отыр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.