ШҚО-да анасын өлімші етіп сабаған ер адам сот алдына келді

356

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comРиддерде қарт анасын өлімші етіп сабап тастаған 60 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.
Телеарнаның мәліметінше, ер адамға анасының жасаған ескертуі ұнамай қалса керек, осыдан кейін ол қарт әжейге жұдырық ала жүгірген. Оның ішінен теуіп, басынан ұрған. 

Жәбірленуші оқиға болған күннің ертесіне дәрігерлердің көмегіне жүгінген. 


Ақ халаттылар жәбірленушінің жағдайын көргенде жағасын ұстаған. Қарт ананың бас сүйек-ми жарақатын алғаны, бірнеше жерден сүйегі сынғаны, өкпесіне зақым келгені және денсаулығына өзге де зиян келгені анықталған. 


Алған жарақаттарының салдарынан зардап шегуші қайтыс болған.
 Ұлы өз кінәсін мойындап отыр. Ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Риддер қалалық сотының судьясы Айнұр Рахимова атап өткендей, үкім шығару кезінде бірқатар жағдайлар ескерілген. 


"Сот сотталушының жасын, кінәсін мойындауын, бұрын сотталмағанын, жәбірленушілердің пікірін, тараптардан келісім жасасуға ерікті екендіктерін ескере отырып, процессуалдық келісімнің шарттарына сәйкес, ер адамды алты жылға бас бостандығынан айырды", – деп түсіндірді ол. 


Үкім заңды күшіне енген. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.